Әлемдегі кереметтердің бірі - сүйікті жаныңа жақын іспен айналысу дер едім.😍
Әр күнім, әр сәтім бақытты! Аллаға шүкір.🙏🏻
Бірақ бұл да маған өздігінен келген жоқ. Көп іздендім, еңбектендім, қателестім. Білім жинадым, тәжірибе жинадым. Көп шығыным, уақытым, энергиям жұмсалды. Интернетті де, кітаптарды да көп ақтардым. Барлық жерде үстіртін ғана айтылады екен. Барлығын нольден бастауға тура келді.
Қазіргі кезде барлығын жүйеге қойып, енді филиал ашатын кез келгендей болды. Сұраныс та бар. Филиал ашуға кірісемін дегенде тағы бір қиындық кездесті. Үйірмелерге келіп жүрген кішкентай шебер қыздарыммен бір-бірімізге әбден бауыр басып қалыппыз. 😱😱
Бір-бірімізді қимайтынымызды, балаларыммен ауруханада жатқанда, әбден түсіндім. Оларды көргім келіп тұрады. Көп уақыт көрмей жүре алмайды екенмін. Олар мені, мен оларды сағынам. Не істерге білмей ойланып жүргенде, әрі ауруханада жатырмыз, бос уақыт көп. #Бәсеке деген сериалды ұнатып көріп шықтым. Шынымды айтсам, ол сериал қатты әсер етті. Әрі бір ой тастады.🤔
Менің бір мақсатым бар болатын - Қазақстанның әр түпкірінен қолөнер студиясын ашу! Жатсам-тұрсам осы ой үстіндемін. Қазақстан картасын шығарып алдыма қойсам, қаншама аудан-ауыл бар. Жалғыз өзімнің қолымнан келер-ау, бірақ қаншама уақыт керек. Ол іске асқанша қаншама жас бүлдіршіндер телефонға тәуелді бола түседі. Сондықтан бір шешімге келдім. Жедел түрде! Өте жедел түрде қолөнер студиясын ашқысы келетін, сүйікті кәсібінің нәсібін көргісі келетін адамдар қажет. Мен білгенімді, түйгенімді үйретуге дайынмын. Ауылдан болса, тіпті керемет. Қазағымыздың керемет дәстүрлі өнері - қолөнерді дамытуды бірге қолға алайық! Технология дамыған сайын, қолөнермен айналысу қажеттілігі де күннен күнге арта түсуде.
Қолөнер адамды стресстен сақтайды, балалардың төзімділігін арттырады, ұсақ моторикасын дамытады, ал практикалық пайдасы ұшан теңіз. Жастайынан ине-жіпті игерген қыз бала, бойжетіп тұрмыс құрғанда өнерлі, шебер келін болып, өнегелі ана болары анық.
Қолөнердің тәрбиелік мәні зор екенін түсінетін жандарды іздеймін!
Ниеті түзу, ұрпағының қамын ойлайтын, айналасына жақсылығын шашып жүретін, ақ жүректі Жандар бар ма араңызда?
Хабарласыңыз!
87772792472
@studia_tumar
Студия ашу бойынша ұсыныстар -
1. "Старт" пакеті - 30 мың теңге
- қолөнер үйірмелерін тиімді бастау және жүргізу тәсілдері
- барлық есептерді жүргізу журналдары (формалары)
- клиент жинау жолдары
Барлық пункт бойынша теориялық және практикалық жетекшілік - 1 ай.
2. "Классика" пакеті - 40 мың теңге
- "Старт" пакеті
- "Инстаграм" әлеуметтік желісін дұрыс жүргізу жолдары
- жарнаманы дұрыс жазу жолдары (копирайтинг)
- афишаны дұрыс жасау жолы
Барлық пункт бойынша теориялық және практикалық жетекшілік - 45 күн
3. "Приемиум" пакеті - 50 мың теңге
- "Классика" пакеті
- қолөнер үйірмелерін жүргізумен қатар өз шығармашылығыңызды дамыту жолдары.
Барлық пункт бойынша теориялық және практикалық жетекшілік - 2 ай. - Маған еш тәуелді болмайсыз. Өзіңіз қалаған атауыңызды қоя беруіңізге, өзгерістер енгізуіңізге болады
-
Үйірмелер жұмысын жете меңгеру үшін студияда кем дегенде 1 күн практика өтуіңіз керек.
Дайын болсаңыз. Барлығы түсінікті болса, тез арада хабарласыңыз
87772792472.